Жүріс-тұрысын, сөзін, бүкіл болмысын жақтырмады, ұнатпады, суқаны сүймеді. * Сол себепті, мен оны жек көремін. Жек көргенімді қайтейін, шынымды айтсам, қорқамын одан. Қорқа жүріп, атарға оғым тағы болмайды. С.Шай. * Ол жек көрген адамын фашист деп мұқататын Н.Сер. * Өлең, әнді бәлендей жек көрмегенмен (бұларды жек көру есі бар адамға тіпті мүмкін емес қой) сүйіп қосылған Бірләнін тек өзінікі санағандығы соншалық, ол енді әйелін ән-күйден, Бірләннің жанындай жақсы көрген өнерінен де қызғана бастады. І.Ес.
