Posted in

ЖЕЛГЕ КЕТТІ

Босқа кетті, зая болды. ~ Намазшамның артынан Құржаң-құржаң етеді. Жер ұшық берген кісідей, Тоңқаңдай ма, не етеді. Нәпіл түгіл намазы – Бәрі желге кетеді. Абай. ~ Қалайда, Әлдекей отағасының сөзі желге кеткен жоқ, көкірегін қапырық басып жүрген біздің ақсақал әңгімені тыңдаған сайын, ауыл-отыннан қиялы алыстап, басқа бір дүниеге кіргендей, бұ жалғанның опасызын білгендей, көңілі жадырайын деді. Ж.Айм. ~ Бес жылдан бері Шолпанның жүрегіне түскен жара мәңгі жазылмайтын жара болғаны ма? Жайнамаз үстінде төгілген ыстық жастар, жалынды құшақтар, отты сүюлер – бәрі әсерсіз, желге кеткені ме? М.Жұм. ~ Олар бұдан көп ілгері Елісхан көшін Шыңжан шекарасынан шығарып салып, Баркөлге әлдеқашан қайтып оралған Қасым сардардың қарулы жасақтарына сенім артқан екен. Алайда, бұл сенім лезде желге кетеді. Ғ.Біл.