Posted in

ЖЕЛГЕ МІНДІ

Адамның арман-қиялы, ұшқыр ойы хақында. ~ Аязбен, асаумен, қараңғы ұзақ түнмен, ұрымен, қасқырмен, қауіп-қатермен алыспай адам — адам болмайды екен. Желден жаралған желге мінбей, адамға желік бітпейді екен. Жылқы бақтым — күлкі бақтым. Алыс-жақын, қатер ойыншық болды. Жылқы бақтым, кісі болдым. Ж.Айм. ~ Ондай бақытқа әлі қолым жете қойған жоқ. Сонан соң ғой, желге мініп, жер бетін кезіп жүргенім. Бірдеңе өнер ме екен деп, күн сайын артымдағы ізге қараймын… Қылтиған түк те көрінбейді. Қ.Тол.