Жылдамдығына көз ілеспеді. ~ Әлгінде ғана желдей жүйткіген мың сан тұяқтың дүбірі енді қаралы хабар жеткізген бейбақтың ширыққан зарындай жонын шымырлатады. ҚХАӘ. ~ Арада қайшыласып шабарманы, Жүгірді жерге тимей табандары. Жаңғыртып айналаны желдей жүйткіп, Жаршылар хан жарлығын хабарлады… Н,Айт. ~ «Ойбай-ау, әлгі оқу бітіріп, дей қызметтің құлағын ұстаған Таңатымыз салы суға кетіп, көшеде венок тасып жүр», — деген алып қашты өсек-аяң күні ертең-ақ желдей жүйткиді. М.Қаб. * Серпінді Кек бұ да бар, Қайсыбірін айтайын Шапса желдей зулатқан, Шудың бойын шулатқан, Меруерт жалдас Ақсұр бар. І.Жанс.
