Posted in

ЖЕЛДЕН ЖҮЙРІК

Әуелеп самғаған ой, көңіл, қиял туралы. * Өткен күн – ұстатпайтын сұлу сағым, Жалғыз-ақ желден жүйрік жетеді ой. М.Жұм. ~ Таңғы шықтай мөлдіреген тап-таза еді көңілім, Желден жүйрік жүйіткитін арман деген көлігім. Қолпаштаған айналама мақтанышпен қарап ап, Дәл осылай тұратындай көрінетін өмірім. Ә.Айм. ~ Жетегінде жылдардың желуменен, Келіп қапты кемел шақ – елу белең. Өмір деген ұлы кеш шеруменен, Желден жүйрік жүйткиді көңіл дөнен. А.Ас.