Әлденеден қорқып, бүкіл денесі дірілдеп, қалшыладап тұрған адам туралы айтылады. ~ Құлағының ұшынан қара бақайына шейін құйылған тер – оның бойдағы аз ғана әлін одан жаман тауысты. Оның жүрегі желді күнгі жапырақтай дірілдеп, өкпесі көріктей көмпиіп, танауы делдең – делдең етті. С.Мұқ. ~ Әйтеке Турболовтың жұмыстан босатылып, зейнетке шыққандығы туралы жиналыс қаулысын дауысы толқындай дірілдеп, беті желді күнгі жапырақтай жыбырлап тұрып оқып берді. Қ.Түм.
