Posted in

ЖЕЛДІ КҮНГІ ҚАМЫСТАЙ МАЙЫСТЫ

А) Біреудің алдында иілді, жарамсақтанды. ~ Алдындағы адамның арқауы босап, жүні жығылып, ішкі тіреуі сынып, желді күнгі қамыстай майысып тұруы өзінің беделін асырып, қасиетін көбейтіп, қайратын еселеп, аруақтандырғандай жігерлендіре түсетін. С.См.
Ә) Әдемі қимылмен керіліп-созылып, бипазданды. ~ … сахнаның сырт жағында топтанып тұрған биші қыздардың ортасында бүрмелі етек сары көйлек киген, жасыл өрнекті қызыл көкірекше киген, жылтырақ моншақтары күнге шағылысқан тақиясының үкісі желкілдеп, желді күнгі көк қамыстай майысып Әдемінің өзі тұр екен! Ә.Тар.