Posted in

ЖЕЛЕГІ ЖЕЛПІЛДЕДІ (ЖЕЛБІРЕДІ)

А Гүлдей жайқалды, құлпырып кетті. ~ Ақбұлыңның құрағы судыраған, желегі желпілдеген, жусаны бұрқыраған болмысы күмбір-күмбір қоңыр саз болып жетеді. Н.Дәу. ~ Біреуі атам, біреуі қайнағам, біреуі қайным деп айтуға ауызы бармайтындай қатын патша қайбір Шығай тұқымының босағасына желегі желпілдеп келін боп түсіп еді?!… Ә.Кек. ~ Иә, ол кезде біз алаңсыз едік. Ойсыз едік. Желегі желпілдеген топ қыздың ішінде сенің ойлы жанарың маған ғана қадалушы еді. Мен соған мәз едім. И.Жақ. * Мұның ауыз жағында бала қойшы Бадырақ қырықтық қайрап отыр. Итарқаның ішінде Жеңсіктің желегі желбіреп, ақ маңдайының астындағы ұйқысыз қара көзінен нұр ойнайтындай. І.Жанс.

Ә) Қалбалақтап, әбігерге түсті. ~ Қасында тұрған Жәмила не қыларын білмей сасқалақтап, желегі желпілдеп, екі шынтағы артына селтеңдеп, үн- түн жоқ, ауылға қарай адымды қойды. Шәк.