А) Себеп, сылтау, түрткі болды. ~ Сіміргенін сіңіріп кетер желіктілерге желеу боп табылып отыр. С.См. ~ Ұмытпаса, осының фрагменттері “Біржан – Сарада” да бар еді – ау… Жесір скрипканың мұңы желеу болды ма, Бекет әлгі бір үзіліп қалған балалығын қайта тауып алды… Қ.Ысқ.
Ә) Демеу, сүйеніш болды.~ Адам өз жанын өзі көтереді, оның жанын өзгелер көтеріспейді. Керісінше, жанына желеу болудың орнына – сөгеді, ренжітеді, күнаға батырады, ызасын келтіреді, қателестіреді… Д.Дос. ~ Қас- қабағынан жан күйзелісін тап басып білетін Айжан мұндайда: «Қуеке- ау, сәл дамылдасаңызшы» — дейтін, не үндемей кеп, иығына жылы киімін жабатын, о да есіне түсіп, жетім көңіліне желеу боп сағыныш ұялатып, жабырқатып өтті. М.Сүн.
