Posted in

ЖЕЛКЕСІН ҚАСЫДЫ

Сенімсіздік танытты, абдырап қалды. ~ Осындай қарбалас уақытта қонып жатудың өзі қылмыс болады. Қалаға жетіп бір-ақ тоқтаймыз, — деп өкіл кесіп айтты. Шофер жігіт желкесін қасыды. — Қалаға әлі отыз шақырым бар. Жол болса, жаман. С.Шай. ~ Бірақта мен кісіге Қауібі мол ісіме Кіріскенде-ақ сенгенмін Ақиқаттың күшіне!— Зар жылатқан өлкесін Хан қасыды желкесін. — Мен ештеңе дей алман, Айтсын,— деді,— ел кесім! Қ.М.Әли. ~ Ганс күлімсіреді. Ыңғайсызданып, желкесін қасыған болды. — Біліп отсың ба? — деді Нәтибек. — Түсіндің бе мені? Түсінгенің шығар, желкеңді қазақша қасыдың ғой. М.Бай. ~ — «Коммунальный» не дегені? Жанабіл мүдіріңкіреп, желкесін қасыды. Ғ.Мұс. ~ Қамсыз әкем тап осылай болар деп, күндердің кү¬нінде мені жалаң аяқ қалар деп ойламаған. Қиын болды¬ ғой деп, желкесін қасып біраз тұрды. Б.Соқ.