Posted in

ЖЕЛІГІ БАСЫЛДЫ

Қызбалығын сап тыйды, өрекпігенді қойды, сабасына түсті. ~ Сенің Бәкібайың кәмөнестерге еріп, мүттәйім бұзылып кете ме солай? Шыбындап, шыбындап, желігі басылғанда қайта айналып келер ме екен? С.Ом. ~ Жаңағы сөзден соң, бүгінге дейін көкірегінде тулап тұратын «өзімдікі дұрыс, өзім білем» деген ала құйын желігі мүлде басылып қалған. Д.Әш. ~ Жастықтың желігі басылып, елуді алқымдап егде тартқан кісі ән-өлеңнен, ойын-сауықтан бойын аулақ сала ма деймін. Б.Тоғ.