Әлденеге елеуреген, қызыққан, құмартқан көңіл. ~ Күндер қайда, Жұлдызға жуықтаған? Күндер қайда, Сезімді суытпаған? Желік көңіл Түсті де сабасына, Отыз келіп Жиырмаңды құлыптаған. Қ.Жәл. ~ Елік-көңіл елге аян, желік-көңіл желге аян. Келбетіңді көрейін, кел, Қыз Жібек, кел, Баян! Ертегіге алданған, ертеңіне жалданған Ел еңсесін көтерді, ей, Ақыным, сен де оян! И.Сап.
