Posted in

ЖЕЛІМ АУЫЗ, ЖЕЗ ТАҢДАЙ

Аузына ие бола алмайтын сөйлемпаз, өсекші. ~ Енді айтатындардың бәріне, желім ауыз, жез таңдайлардың құлағына тегіс тигізген соң, қолына қағазды ұстап аупарткомге жүгірді. Б.Қыд. ~ Ақырында айтарымыз, елпілдеп-желпілдеп жүріп жеткізетіндер желім ауыз жез таңдай жеңгейлер деп жүрсек, өсектің арғы түбі ағамыз Босаңбайдан шыққан екен. Амал нешік! Ешкімге айтпай-ақ қойыңыз! Б.Қыд. ~ Осындайда қаймыжықтай жұқа еріннің бірі: «ойбай-ау, бастықтың тамағының…» деп жүрсе, оны бір желім ауыз, жез таңдай жебелеп іліп әкетсе отыз тістеп шыққан сөз, отыз рулы елге жайылса не болмақ? Сондықтан да алыс та болса, ауданға моншаға түсуге аттанды. Б.Қыд.