Тағдырдың тәлкегімен ұшып-қонып жүрген; айдағанға көне кетуге бейім, өз еркі жоқ адам туралы. * Күздігүні жел аударған қаңбақтай талай ашық-ауыздарды алдап-арбап, дүниені шарлап жүріп осында келген екен. Б.Қыд. *. Жел айдаған қаңбақтай босып жүріп, қыпшақ даласына аяқтары ілігіп, аттарын шалдырды. Д.Рам. Алдында не тосып тұрғанын білмесе де, жер аударуға мәжбүр болды д.м. * Жел аударған қаңбақтай қотарыла көшкен елдің жұртында адасып қалған күшік ой қыңсылады бұрыштарда. Ғ.Біл.* Ере бердім, мен артынан бір есер, Қарсы келіп еркім бар ма тіресер? Жел айдаған тұрағы жоқ қаңбақтай, Ағыңымды дедім-дағы сай кесер. М.Дул.
