Сайып келгенде, шешуші сәтте, нақты іске кезек келгенде. ~ «Тыныштық, тыныштық» деп жүріп тәуелсіздігімізден, дербестігімізден айырылып қалсақ, онда кім болғанымыз? Менің ұғымымда, жеме-жемге келгенде АЗАТТЫҒЫМЫЗ үшін тыныштығымызды құрбан етуге болады. С.Шай. ~ Сондай алыпқашты жақсы сыбыс та естілген. Алайда, жеме- жемге келгенде, ол әңгіме бекерге шықты. Ө.Ахм. ~ Бірақ Ақтоқтымен қосылу мүмкін емес, оған алдақашан бір мықты кісі құда түсіп қойған. Жеме-жемге келгенде Ақтоқты осыдан шыға алмайды, дәлелді сөздерді айтып, Ақанның жалынды жүрегін суыта береді. С.Жүн. ~ Сырт көзге момын, жуас көрінгенмен жеме-жемге келгенде қайтпас қайсарлығы аңғарылды. Ә.Тар.
