Тойымсыз, обыр. ~ Маңындағы кедей-кепшіктерді өмір бойы борсықша сорып үйренген даланың тарланы. Қора толған малы да пара мен барымтадан жиналған. Мұның да жемсауы кең адам. Ә.Шәр. ~ Кешелі бергі көргендерінің бәрі түстей. Қыры – сыры беймағлұм жемсауы кең мына жат бауыр дүниеде жалғыз қалғандай. Жетімсіреп жәутеңдегендей. С.Ел. ~ Жеті қанат ақ орда лық толы кісі. Төрде күректей теке сақалды ақсақалы, күбідей тырсылдап көзін ашып-жұмған ақ сәлделі қара шұбар қожасы бас болып, жемсауы көнектей өңкей күшігендер отыр. Оларға таяу жуанды-жіңішкелі, ұзынды-қысқалы, сақалдысы, көсесі, қырықпасы, қырмасы аралас бақа көзденген, жылан көзденген билер, ауылнайлар, елу басылар, атқамінерлер отыр. Ж.Айм.
