Арам пайдаға кенелді. ~ Оларға шын бұқара пайдасынан да өздерінің қалтасы қымбат… Олар бүгін… жемсаулары толған күні әлдеқайда жытып кететін сұрқиялар. Мұны біз көрмей отырғанымыз жоқ. С.Сей. ~ Жынға тойған иттерге қойдай қоңыр халықты тақымдатып, талатып, тырқыратып торғайдай тоздырдың ба? Жеттің бе, мақсатыңа? Жемсауың толды ма? Ыбылыс иектеген кер заман! Судың да сүрауы болар! Елдің обалы жібермес. Бала-шағаның көз жасы жібермес! С.Ел. ~ Елдің осынша Жәукені жұлмалаудағы мақсаты: Омарды айтаққа еліртіп алып, Оспанға салу еді, өзді-өзі шабысса, жемсаулары тоятыны белгілі жөне бұл Омарлар ежелден қанды ауыз атанып, арасына жік түспегендіктен маңдайына дақ тимей, қағусыз кеткен: әркімнің мұнда ескі кектері бар. С.Торы.
