а) Ұялғаннан не істерін білмеді, бетінің оты шықты, қоярға жер таппады. ~ Онсыз да тығырықтан жол таппай амалы құрып отырған дастарқан басындағылар мынадай келеңсіз әңгіменің құдалар ауылына жетпей тынбайтынын ойлағанда әрқайсысы отырған-отырған орнында қара жерге кіріп кете жаздады. Д.Ис. ~ Ана кісі енді маған бұрылып ұза-а-а-қ, тесіле қарады. Мен ұялғанымнан денем қызып, жерге кіріп кете сақтадым. С.Досж.
ә) Зәресі ұша қорықты д.м. ~ Пүліш (жайраңдап). Сол шірікке сөз салады деп тұрғаның ба, шешей? Ақырып қойсам, жерге кіре жаздайды. Бұл сәбеттің заманы, айтқанымды істетем! Б.Майл. ~ … Кәні, осы жерден табан аумай, қойды түгенде, әйтпесе жегеніңді желкеңнен шығарамын,— деп зірк-зірк етті. Тәжи құрдай жорғалап жерге кіріп кете жаздады. Ол байдың бетіне қарай алмай, жер шұқи берді. І.Жанс. * Қатал-ақ еді, ол ақырып жібергенде кім де болса жерге кіріп кете жаздайтын. М.Мағ. ~ Зəресі ұшқан өзі пəкене Хадиша жерге кіріп кете сақтады, артына шегініп кетті. С.Досж.
