Posted in

ЖЕРГЕ ОТЫРЫП ҚАЛДЫ

Барынан айрылды. ~ Өсек сөз жарқынымның өзегін өртеп жіберіпті ғой. Шыдай алмады. Отауыма өсек сөз ойран салыпты. Бізді тастап төркініне кетіп қалды. Мен жерге отырып қалдым. Б.Мом. ~ Кім мылқауды мүсіркейді, кім мылқауды түсінеді.Дүниеге қор боп келген бала, дүниеден қор боп өтпесін. Сен де шаруаға қыбың жоқ, тойтиып, тақыр жерге отырып қалма. Ана менен қалар дүниені ұста, дүкенде өзің тұрмасаң кісі жалда, үйретсең бәрі төселеді. С.Жүн.