Пәлен дерліктей бишара халде емес д.м. ~ Кебежеңнiң түбiн тақырласаң да сөмкесiн толтырып бер. – Табылар бiрдеңесi, жерге қарап отырған жоқпыз ғой. Т.Сәу. ~ Болар іс болды, енді “мұның жөні қалай” деудің реті жоқ, – деген. Сосын: – Қазақтың жас қатын алғаны жалғыз мен бе екем, шүкір, жерге қарап отырғаным жоқ, – деген. Қ.Най. ~ Жоқ! – деді қария басын шайқап кесімді үнмен. – Жерге қарап отырған жоқпыз, қарағым. Бауырын тартып, аузымызды аққа тигізіп отырған малымыз бар, нан-шайға пенсиямыз жетеді. Т.Сәу. ~ Ол байлықты жақсы көретін. Әке-шешесі бақуатты кісілер. Біз де жерге қарап тұрғанымыз жоқ. А.Нес.
