Posted in

ЖЕРДЕН АУЫР СӨЗ (СӨГІС) ЕСТІДІ (АЙТТЫ)

Салмағы тым ауыр; намысқа тиетін, сүйектен өтетін сөз.
~ Кесек мұрынды, қара сұр келіншек Дулатқанды дедектетіп, іліп ала жөнелді.- Жүр былай. Өзіңнің балаң құралпы жігіттен жерден ауыр сөз естіп, кеңес-пеңесте нең бар еді?- деп еді. Т.Рыск. ~ Досжан Ақтотымен үйленген жылы Жұлдыздағы қалмақ жеріне жылқы отарлатып бірге барғанда Ақтотыдан жерден ауыр сөз естігенін ұмытпай іштей кек сақтап жүретін. Т.Рыск. ~ Ел болып сөгеді. Сүйекке таңба деп бетіне басатындары да болады. Бір орайын тауып: «өлгеніңнің аруағын сыйламаған сен кімге опа бересің?» деп жерден ауыр сөгіс айтады. Ж.Сәм.