Іс-қылығы, түр-тұрпаты ұнамсыз адамның аяқ астынан алдынан шығуы не әлдебір жайсыз жағдайдың көрніс беруі туралы. ~ Өстіп жүргенде жерден шыққан жіктей болып Құлшығаш кездесті. Өзі машайық қашырғандай мазаң-ақ. Д.Дос. ~ Сауық қуайын деді ме, Күнтуғандай ұлы “келіңіз” дегесін келмеді ме?! Қазіргі жастардай ауылды жерде екі қолын алдына салып, “жынды су” жұтып алса жерден шыққан жіктей ұрынарға қара таппай сандалып, көрші-қолаңның мал-мүлкін үптеумен айдалып, әйтпесе ашудан ақыл таппай атылып қалмасын деп, Сәнім сіңлісінен туған тете бөлелерін ерткен еді… Олар ерген еді. А.Алт. ~ … әлемдік әлеуметтанушылардың пайымдауынша, сол көктен салп ете қалған құттай, не жерді жарып шыққан жіктей көрінер кездейсоқ уақиғалар мен төтемел жағдаяттардың өзі ғаламдық даму қисынының ырқынан серпін алып, жалпы адамзат қауымы жетігуінің заңды талабына ұласып жатады екен. Т.Құс.
