Posted in

ЖЕРДЕН ЖЕТІ ҚОЯН ТАПҚАНДАЙ БОЛДЫ (ҚУАНДЫ)

Күтпеген жерден зор пайдаға кенелгендей мәз болып қуанды. ~ Өзі не істесе де, ауыздарын ашып, айран-асыр қылатын қор көкірек көп надан, бәлкім мұның бұл қылығына да жерден жеті қоян тапқандай таң қалар. Ә.Кек. ~ Ал поэзияның бетін ашып көрген емес. Қосымханның баяғыда бір жерден жеті қоян тапқандай арсалаңдап кеп екі кештің арасында тоқпақтай кітапты қолына тықпалағаны есінде. Т.Сәук. ~ Адамдар қоғамның осынау бір екіжүзділігін мектепішілік ғылыми конференцияда жерден жеті қоян тапқандай болып баяндағанында тіпті директордың өзі шошып кетті. Е.Әл.