Posted in

ЖЕРДЕН ҚАЗЫП ТАБАМЫН БА

Жоқ нәрсені қайдан алып берем, қолдан жасаймын ба д.м. ~ Оу, халайық, бәріміз бірдей бір адамды жамандағанда жақсы адамды, өкімет басында жүрген тілектес мұсылманды жерден қазып табамыз ба? Б.Тоғ. ~ Ал уақыт — қып-қызыл ақша. Ағылшынша айтқанда «тайм ист мани». Мына құрылыс басында айналшықпен ауырған қойдай тыпырлап жүрген мен ол уақытты жерден қазып табамын ба. М.Қаб.