Ұятқа қалды; ел алдында абыройдан айрылды. ~ Жүрерде ауыл ақсақалдары жиылып: – Бұл жолы жердің үстімен келіп, астымен қайтқандай болдыңыз. Көптен бетіңіздің қайтқаны да осы шығар. Құдай құдіреті – дуаға амал нешік? С.Тор. ~ Бар өмірі бір бос дүние… Шәкен сол жолы Қарқаралыға жердің үстімен барып, астымен қайтты… “Екі жиреннің “ екінші түрі, бақса, дәйім жүрегіндегі осы құпия сырды қозғай береді екен. И.Жақ. ~ Жүрегім зырқ ете қалды. Мықты деп жүрген бір ағамыздың әлгінде ғана мешке отырған мысықтай болып, жердің үстімен келіп, астымен кеткенін көріп отырып көңіл қайдан дауасын. Қ.Ысқ. ~ Ауданға жердің үстімен барып, астымен қайтқан Елтайды бас редактор хал-қадарынша жылы қабақпен қарсы алды. М.Қаб. ~ Жүрерде ауыл ақсақалдары жиылып: – Бұл жолы жердің үстімен келіп, астымен қайтқандай болдыңыз. Көптен бетіңіздің қайтқаны да осы шығар. Құдай құдіреті – дуаға амал нешік? Ендігі келгеніңізше Омарды, бәрін көндіріп даярлап қоямыз; болмаса, өзіміз болып тартып әперейік, көңіліңізге еш нәрсе алмай кетіңіз, мырза, мырзеке!- десті… C.Тор.
