Патшалық ресейдің жаза ретінде қолданатын шарасы. ~ … осы Бобкиннің арғы атасы поляк деген қауесет бар. Ерте бір заманда патшаға карсы көтеріліске қатысып, Сібірге жер аударылған. Ә.Нұрп. ~ Осы ой, осы қорқыныш Бектастың Аманның қарағайлы орманында көктем айында жер аударылған орыс артелінің ағаш шеберлері тұрғызған үлкен аңшылар үйінде ұзақ отыруына әкеліп соқты. С.Дос. ~ Сол кеткеннен мол кетті. Соңынан барған ағайыны хазіретті ит жеккенге жер аударып жіберіпті деп құранын, тәспісін алып елге ботадай боздап оралды. Д.Дос.
