Posted in

ЖЕР АЯҒЫ КЕҢІДІ

Қар кетіп, жер құрғады, көктем келіп, күн жылыды. * Мәңгілікке жалғас Айя-Софияның шынында да жоса түстес
қызғылтым екенін жер аяғы кеңіген тәуелсіздіктен соң, Түркия, Стамбұлға алғаш барғанда көрдім. М.Мағ. * Бұлар кісілерін қару-жарақ, ат-тонын қамдап қарбаласып жатыр… Жігіттер жүрерде, Жексен: — Жер аяғы кеңіді, енді Қытай шегіне басамыз… Бұларың соңғы қайратың. — Ақбестіден соңғы айрылған суреті, басын құшақтағаны елестеді. Бата берді. М.Әу. * Осы үйде жата бер, ешкімнің көзіне түспеші, заман бүлініп тұр. Қит етсе түрмеге қамайтын, сібір айналдырып жіберетін заң шықты ғой. Бетін аулақ қылсын. Жер аяғы кеңи келе, жұмыс арасында өзім Көкше жағына жансыз барып, ұлықтардың сыңайын байқармын” деп, жалынып-жалпайып Ақанды тоқтатқан. С.Жүн.