Posted in

ЖЕР БАУЫРЛАДЫ

а). Төмендеді, аяқ астында қалды. ~ Қарабайыр тiрлiктiң сурет-елесi, пенделiгiң – бәрi-бәрi жер бауырлап, анау төменде көк түтiнге қақалып көксау шалдай күрк-күрк жөтелген лас шаhардың қалтарыс-қойнауында қалыпты. Т.Сәу. ~ Жетісу спорты неге жер бауырлады? Облыс әкімі осы тақырыпта жиын өткізді. БАҚ. ~ Аспандаған вальс ақырындап барып жер бауырлады. Сөйтті де үзілді… Гүлзат менің иығымнан қолын алмаған күйі: — Тұнық жаққа баралық. Ол бір нәрсе ойлап қап жүрер, — деді. Қ.Қаз.
ә ) Еңбектеді, жорғалады. ~ Жігітке тесіле қарап жатып бет– аузы бүлк– бүлк етіп, көзі жап– жасыл болып жана бастады. Сонысын сезгендей сол қолымен көзін көлегейлей қалды. Енді жер бауырлап жылжып жігіттің қасына келді. Қ.Мүб.