Posted in

ЖЕР ЖЕБІР, ЖЕКЕН СУЫНА ЖЕТТІ

Жеті атасынан бастап, түгін қалдырмай сыбады. ~ Осы күнгі әр шалдың қуаты жүз аттың күшіне тең. Үңдемей отырып– ақ үніңді өшіре қояды… Баяғыда бір соғыстың түтінін иіскеп келдік деп, жер жебір, жекен суыңа жетеді, әкри… О.Бөк. ~ Бағана Бағила шақыртты деген соң, кіріп шығып едім, шешесі жер-жебір, жекен суыма жетті. — Сен қыз бұл үйге сумаңдай берме, — дейді. О.Бөк. ~ Ит екен ғой бұлар… – Өңкей алдамшы жексұрындар! Жер жебір, жекен суымызға жетіп қойшылар бізді тілдері жеткенше сыбап жатыр. Жер тепкілеп Укачин бұлан-талан. Ә.Асқ.