Жер мұңы. ~ Әрине, өтпелі саясат өткінші кезеңнен соң әдірә қалады да, экономикалық-әлеуметтік теңсіздік, жер жегісі, ұлттық қауіпсіздік мәселесі құнарлы топырақты қуартқан ащы өзекке айналады. Шамкөстенетін шағым емес, бұл – тарихи және экономикалық заңдылық. Т.Жұрт. ~ Әлде жеріп бәрінен жиделі байсын жер іздеп, шұбап кеттіңдер ме бір жаққа? Жер жегісінен безіп, шошынып?! Е.Зей. ~ Ел жегісі – ер жегісі, жер жегісі – жан жегісі болып өрілген алмағайып дәуірде Алаш қайраткерлері қазақ мемлекеттігін қалпына келтірудегі тарихи миссияларын атқарып кетті. С.Жұм.
