Posted in

ЖЕР-КӨКТІ ШАРЛАДЫ

Бармаған жері жоқ, кең дүниені аралап шықты. ~ Енді, міне, бұзауы өлген сиырдай тұлыпқа мөңіреп, жыртық астаудан Апамның алақанын, Апамның қауыздаған талқан-тарысын іздеп тамсанып отырғанымыз. Білем, жер-көкті шарлаған Қорқыт та ажалдан қашып құтыла алмаған … О.Бөк. ~ Сол жерден қозғамай кен басындағы әкесіне барып хабарлап, Қарқаралыға шапқыншы жіберіп тергеуші, приставты алдырып жер-көкті шарлап іздетеді. Бірақ ұрылар табылмайды. С.Бег. ~ Қиял құсы желдей жүйткіп, жер-көкті шарлап, кең дүниені көктей шолып өтті… Д.Рам.