Оты мол, суы мол құнарлы мекен. ~ Аягөз, сенің бойыңда Несібе, ырыс тегіс қой, Сай-салаң толған жеміс қой. Қырың – малдың кіндігі, Ойың – өнім егіс қой. Айтуға ауыз келе ме, Аягөз кімнің жері еді? «Жер сауырын – жайлауды Ел сауыры» дер еді. Дулат Баб. ~ Осынау мігірсіз абыр- сабыр жер сауырын қақырата тіліп ілгері тартып барады. Ә.Кек. ~ Сонда ындыс сөйледі: – Жерімді менің сұрасаң, Тобылғылы тау, – деді. Іздегенім сұрасаң, Еділ деген су, – деді. – Жағасы – қалың ну, – деді. – Жер сауыры – бұл, – деді. БС “Жұбаныш”.
