Posted in

ЖЕР ТЕПКІЛЕДІ

Долдана айбат көрсетті; зәрін төкті. ~ Еліңді шауып аламын деп найзасын қайрап, жер тепкілеп, қаһарын тігіп отырған секілді. Ә.Шәр. ~ Көзі алақ-жұлақ еткен Алданыш екпіндеп келіп қалған аттан қорқып, сүріне-қабына құлап, қол-аяғын жырып алыпты. Қан саулаған қолын сілкілеп: — Әй, мен енді мал болмаймын-ау, әй, енді мал болуым қиын-ау! — деп, жер тепкілеп, даланы басына көтере өкіріп жатты. Қ.Бегм. ~ Баланың ашуы жылаумен, айғай салумен һәм ашу тудырған нәрсеге зиян келтіруге ұмтылумен жарыққа шығады. Бала қатты ашуланғанда не шалқасынан, не етпетінен домалайды, жер тепкілейді. М.Жұм.