Ат аяғын баспаған алыс жер. ~ Қарт көңілі қазіргі сәтінде қуаныш пен күдік тайталасқа түскен аласапыран күйде еді. Бірақ, күдіктен үміт күштірек. Бүгін «жер түбі, жекен судан» бала-шағасын ерткен бір келіні келмек. Ғ.Біл. ~ Оған дейін тыққыштаған «асылдың» көзін жоймай қоям ба?! Кілті кереге басында қалған сандықтың құлыбын сырт еткізіп ашып жіберіп, бөлеудегі мүйізді құтқарып алып шықтым да, аттанып кетіп жітірдім жер түбіне, жекен суына. Ғ.Біл.
