Posted in

ЖЕР ҚОЗҒАЛСА ДА

Не болса да, аспан аударылып жерге түссе де (қозғалмайды). ~ Тарықса жаным, Ауырса тәнім, Сүйеуім бар демейтін. Ол болса менде, Қозғалса жер де: «Бұ не болды?» – демейтін Жан сүйгенім – ол да өлең, Жете алмасам, жолда өлем! М.Жұм. ~ Мақтанды дей көрмеңіздер, мен — жер қозғалса да мыңқ етпейтін жанмын, қате өзімнен болса, азаннан ақшамға дейін балағаттағанға да мән бермеймін. Ә.Нес. ~ Мен мамамды ғажап аяймын. Ойпыр-ай, неге мұндай тынымсыз, соғанақ болып тудым! Темір секілді жер қозғалса да қозғалмайтын, маңқиып жайына жүретін момын болып неге тумадым? Б.Соқ.