Миына қонды, қапысыз түсінді. ~ Әйтеуір біреу болмаса біреу ұғар, мыңның болмаса, бірдің жетесіне жетер деген біздің ниетімізді де түсінер ме еді. Амал не, оқымаған, оқуға ықыласы да, ынтасы да болмаған. С.Иман. ~ Ал біздің алламыз – сәбет өкіметі. Біздің басымыз сол сәбет өкіметінің добы. Енді жетеңе жетті ме бірдеңе? Н .Дәу. ~ “Ал мынау ауыл моп-момын екен, Моп-момын екен, ақкөңіл екен. “Әлін білмеген әлек”- дейді ғой, Жетесіне сол жеткені ме екен?..” К.Мырз. ~ Сырт қарағанда Жәміш көп нәрсенің жетесіне жетіп түсіне бермейтін, ашуының алды бар, арты жоқ, әшейін бір парықсыз жан секілді. С.Жүн.
