Жағдай онсыз да жетісіп тұрған жоқ еді, енді мүлде ушығатын болды д.м. ~ Арлан қалт тұра қалды. Адам иісі!.. Көкбөрі түйсігі жаңылып көрмеген. Анадай жерде қараңдап салт атты адам көрінді. Жүрегі су етті әйелдің. Тор төбел де құлақтарын қайшылып, осқырынған. – Жетпегені осы еді?!. Т.Әбдір. ~ Өтекең бір нәрсесін жоғалтқандай жан-жағын тіміски сипанып, ақыры адасып жүріп Веттехниктің қалтасына түсті де сигаретін суырып шықты. “Саған ендігі жетпегені осы еді!..” Қ.Ысқ. ~ “Не деп кетті әлгі сусылдақ, қалжыңы ма, шыны ма? Масқара- ай, біздің әулетке жетпегені енді сол еді. Ә.Тар.
