Қартайғанда жалғыз қалған, жалғызілікті қария. ~ Сол сәтінде Зағирамен қосылар едім, қосылмасам, о дүние жоқ болып шықса, бұ дүниенің азабынан құтылар едім. Бірақ өлмедім. Өзімді тоқтаттым. Алыстағы жетім бала үшін. Алыстағы жетім бала үшін емес, қасымдағы жетім шал үшін. М.Мағ. ~ Ауыл шетіндегі Есіркеп – жалғызілікті жетім шал. Қызылжар жағының шала қазағы. Бұдан он шақты жыл бұрын Қорамса алып келіп, өзі сияқты бір жетім әйелге қосқан. Дүкен ұстайтын. Кемпірі қайтқалы екі жылдай болды. Қазір дімкәс. C.Жүн. ~ Жүз елу жылдық көненің көзін жетпіс бес жыл арқалап, жетпіс бес жылда қылыштың жүзін, қиянаттың мыңын бастан кешкен жетім шал қалды… Қ.Ысқ.
