Көңіл толмастай жұпыны енші, үлес, сыйлық т.т. хақында. ~ Уа, көпшілік! Осы сөзіңде жетім қыздың еншісіндей менің де енші, үлесім бар сияқты еді,— деп сөзді оқыс бастады. Ж.Ахм. ~ Бағдарламалардың басым бөлігі «өз» тілдерінде, яғни ресми тілде болады. Жетім қыздың еншісіндей етіп қазақ өнері мен мәдениетінен түн ауған соң ғана бір фильм ұсынған. Б.Дуб.
