Posted in

ЖЕТІ ЖҰРТ

Неше түрлі халық, көп ел. ~ Қазақ даласының үстімен ауып өткен ел өте көп. Қазақтың ескі жырларында: «Адыра қалғыр бұл қоныс – қайырсыз екен ежелден, жеті жұрт кетіп, жол алған» дегені қазақ даласының үстін көп ел басып кеткендігін көрсетеді, бірақ ескі тарих сөздеріне қарағанда, сары далада тек қана бір жеті жұрт емес, әлденеше жеті жұрт тұрып өткен. А.Байт. ~ Қазақта: Жеті атасын білген ұл — Жеті жұрттың қамын жер, Өзін ғана білген ұл — Құлағы мен жағын жер,— деген мәтел бар. Ескі рушыл ауылда, әрбір ұл жеті атасын білуге міндетті сияқты да, соны үйрететін ұстаздары әр ауылдың немесе рудың «ескі құлақты» аталатын қарттары. С.Мұқ. ~ Данасы қазақ түгіл ер түріктің, Тарихы жеті ғасыр, жеті жұрттың. Миына керуендей түнеп қалған, Шыңына шыға алмаған ентігіп күн. Ғ.Қай.