Сан түрлі апат – жұт, құрғақшылық, індет, топан су, зілзала, өрт, соғыс. ~ Тынық мұхиттағы алақандай атолл мен коралл аралдарын іздеп тапқан мазасыз әлем жарты Европадай елді елемеді. Сөйткен далаға әуелі жеті жұт боран мен аяз батыр еді, қалған шаруаны Шыңғысхан, Ақсақ Темір, жоңғар басқыншылары бітіріп жатты. М.Қаб. ~ Түркінің еркін кербезі сері, Жеті жұт келіп, жеңбеді сені. Сары жұрт мекен – қазақтар көшкен Ата дұшпанға бермеді сені. Б.Раис. ~ Жеті жұттың жеңе алмаған талқысы, Шарболаттай қайралатын ар, күші Қулық саумай, құлқынына құл болмай, Шөккен жұрттың жерге айналды жартысы!.. Б.Раис.
