Қазақи ырым, “жамандықтан сақта” деп құдайға жалынып, жеті нан (шелпек) пісіріп, көршілерге тарату. ~ Әкем бақташы. Ермектің әр хаты біздің үйде тұмардай сақталады. Қыс бойы апам мен әкем кезек-кезек тұс көріп, бір-біріне жорытып, садақа тастап, жеті нан құдайы беріп әбігерге түсіп жүрді. Т.Әбд. ~ Атлант мұхитының үстінде жаныңды көк шүберекке түйіп бір Құдайдың қолына тапсырып, сегіз сағат шамасы ұшасың. Осыдан табаным қара жерге бір тисе Жеті нан құдайы деп Жасағанға жалбарынасың. Ш.Мұр. ~ Шешем есік алдында ошақтағы қара қазан астына алауытып жантақ жағып, жеті нан құдайы деп күлше пісірді. Төңірегі тола ауылдың қара сирақтары. Қашан құлақ тигенше сабырсызданып, бірін бірі итерісіп алаулаған отқа түсіп кетердей ентелеседі. Н.Сер.
