Әлемнің әр түкпіріндегі ел-жұрт, шартарап, жеті қат әлем. ~ Айтқан уағызы, үйреткен ілімі кедергісіз өніп–көктеп, кенеусіз–ақ жайылып еді. Сарқылмас суат тапқандай жеті ықылым шөлдеп келіп, тегіс бұның сөзіне бас қойған. Т.Шап. ~ Енді әліпбиіміз өзгереді. Әліпби өзгереді, осылайша біз төрт тарап, жеті ықылымға тарап кеткен бауырлас ағайынмен, түрік деп аталатын нәсіл мен қайыра бауырласамыз, ортақ мәдениетке қадам басамыз. Т.Әс ~ Ру бар жер жүзінде жеті ықылым, Орыс – орман, қырғыз, сарт, Қытай, Қырым. Билеген соның бәрін әділ ұстап, «Жолықтыр, құдай, – деп ем, – Шыңғыс ұлын!». Ш. Жар. ~ Жеті өлікке жан берген, Жеті Пірге қол берген, Жеті Ықылым ғаламда, Жетпіс ілім меңгерген. Қайыр жоқ-дүр Ұста менен зергерден. С.Нұрж.
