Posted in

ЖЕҢГЕДЕЙ АЛДЫ

Әмеңгерлік салтымен, қайтыс болған ағасының әйелін алды. ~ Бәрі ду күлді. Ермектің жеңгедей алған қартаң әйелі былтыр қайтыс болған, Марияшта көңілі бар. Бозбалашылықты басынан атқармаған адам елуге жақындағанда көркем әйелге қалай жанасудың ебін таппай, ойқастап жүр. Ғ.Мұст. ~ Қайнысы Малыбайдың өзі қалың мал беруге халы болмай, отызға дейін бойдақ жүріпті, Бақытына көп ұзамай ағасы өліп, әмеңгерлік тәртібімен осы Дәмеліні жеңгедей алып, құдай жарылқаған-ды. К.Қаз. ~ Шай құйып беріп отырған Әнипа Ермектің жеңгедей алған әйелі, мосқалдау кісі. Ғ.Мұст.