Posted in

ЖЕҢІЛГЕ САЙДЫ

Әлдебір мәселенің салмағын жеңілдетпек болды. ~ Араға Алшынбай кіріскен соң, істің бетін Құсбек жеңілге саймақ боп, босаңси бастады. Бірақ кетіп қалған азын-аулақ қағаз бар. Омбыдан келген шенеунік пен көмейі кең Майыр бар. Осылардың бабын табуды Алшынбайдың өзіне тапсырған. М.Әу. ~ Қандай хабар естіп едің? Неге айтпайсың? – деді. ─ Қырып бара жатқан ештеңе де жоқ, — деп Оспан әдейі жеңілге сайды. – Аралбайлар аласұрып жүрген көрінеді… С.Ом. ~ Шілдехана дедің ғой, қарағым! Жөн, жөн… Менің ойымша, осында да үлкен мән бар. Жете ойланып, осы бастан дұрыс өлшеп, пішпесек, шолтитып алармыз. — Дәл осы шілдеханада тұрған түкте жоқ, білдің бе. Жастарды үйге жинап, өткізіп жіберіңдер ертең, — деп, Дәмелі жеңілге сайды. С.Ом.