Жеңіл жүрісті әйел. ~ Бұланбай дегені жасы отыздарды асқан кәрі шешесінің күтімімен күн көріп жүрген, еш нәрседе қақ- соғы жоқ, қой аузынан шөп алмас момын, бейуаз, ішкен-жегені түзу, көп сөйлемейтін, көпке жынысын қоспайтын, қара жұмысқа қара жон азамат. Сөйте тұра жеңіл етек, шөп желкелер мен қылықты қатын-қалаштардың оңаты келсе қыбын қандырып кететін сойқан да осы деген сыбыс та желдей есіп жүреді. Б.Бәм.
