Әлдебір мәселеге тиісті мән бермеді, атүсті қарады. ~ Сөйлесу кем дегенде екі адамның арасында өрбиді. Біз әңгімелесуші әріптесімізге мән бере білеміз бе. Көбіне өз ойымызды жеткізуге асықпыз-ау. Бұған жеңіл-желпі қарауға болмайды. Ә.Ысқ. ~ НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг 24 ақпанда Украинаға соғыс бастаған Ресей президенті Владимир Путиннің үлкен бір қателік істегенін айтып, “Украина халқының күшіне және Украина қарулы күштерінің батылдығына жеңіл-желпі қарады” деді. БАҚ.
