Бәсеңдеді, басылды. ~ Абайдың қалт еткен жайды қатты байқағыш көзіне Мағаштың бұл қалпы ұнаған жоқ. Көңілге жаңағы бір секундте “түрегеп жүр ғой, ауруы жеңіл тартқан бола ма?” – деген үміт келіп еді. М.Әу. ~ Айлап жиналған дерт қағазға төгілген сайын, өнебойым жеңіл тартып, жабыққан көңілім сергіп барады әншейін. Т.Бер. ~ Мұрат өзінің орнын басқан Волошиннің батальонына келгенде оның көз алдында Қонысбаевтың ауыр халі жеңіл тартып сала берді. Т.Ахт.
