Көсетпей, жасырып. ~ Енді бір шамада кісілердің артынан қалқиып басын көтерген, қонақтар әлі карта ойнап отырған, бас жазарды жең астынан алып қағып сап, тысқа беттеген. Үйіне жетіп дем алмақ еді. Д.Дос. ~ жігітшіліктің қызығына бөккен Қазыбек талай іздеп келіп, ойдағы тойға, қырдағы қынамендеге, бауырдағы билікке ертіп кетпекші болғанда Арекең: — Жасанған жаудай жұт жетсе, Ілесіп байлық кетпес пе? Жең астынан пара өтсе, Биіңнен билік кетпес пе? Биліксіз биде бел болмас, Биі жоқ жерде ел болмас, Шәкіртке ұстаз аталған Азамат ханнан кем болмас. Менің жөнім — шәкірттің тілін сындыру, санасына ілім сіңдіру болса, Қазеке, басқа мұратты онша қаламаспын, — деп көбіне көп жекелене берген көрінеді. С.См.
