Posted in

ЖОЛДАН ЖАЗДЫ

Адасты, жаңсақ басты. ~ Түн жақтан қолын бұлғап Темірқазық, Аймағым қалмасын деп жолдан жазып. Толықсып тобын жазбай түрленіп тұр, Нұрсызы нұрлысынан алып азық. С.Тор. ~ Соны бойлай талай жүрген аттар, дағдылы бұлаң-құйрығына салып, жолдан жазбай айдаусыз жортады да отырады. С.Мұқ. ~ Әрине, сен қу қазық, сен қу қазық, Қалмапсың ол жеріңде жолдан жазып. Балауыз, балбыраған бала бұлбұл Қалайша жапалаққа болады азық?! С.Тор.